![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-06/medium/1561812901_20190629135218.jpg)
Жиында Үкімет басшысы Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне, яғни 44 781 тұрғынға 100 мың теңгеден берілетінін айтты. Үкіметтен бөлінетін қаражат бір айдың ішінде тұрғындардың қолына тиеді. Ал, әскери қару-жарақ қоймасын көшіру 2 апта ішінде басталады. Асқар Мамин сондай-ақ, Арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетінін жеткізді.
Бұдан бөлек, теміржолшылар қаласы алдағы екі жылдың ішінде толық газдандырылады. Жаңадан бір аурухана салынатын болды. Қаладағы 4 мыңнан астам бала өзге өңірлерге жазғы демалысқа барады. Қираған ғимараттар бір айдың көлемінде қалпына келтіріліп, жарылғыш заттар екі аптаның ішінде қауіпсіз аймаққа көшіріледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<