Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Жергілікті әкімдік ұстаздарды әкімшілік мақсаттарға, білім беру саласына еш қатысы жоқ түрлі шараларға жұмылдыра отырып өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады», – деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің пікірінше, білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің ескерілмеуі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<