82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов үйленді (видео)

298

0

Әнші Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов үйленді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қуандық Ешмет есімді азамат Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. 
Оның айтуынша, той кеше, 26 тамызда Алматы қаласында өткен.
 «Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын!», – деп жазған Қуандық Ешмет. 
Парақшаның иесі «Құрметті қазақ елі! Жеңгеміз құтты болсын!» деп Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра есімі жазылған баннердің алдында тұрған жұбайлардың суретін салған.  
«Нұрғали ағамызды жақсы танимыз ғой. Ол расталған ақпарат. Мен өзім ол тойға бара алмай қалдым. Керек десеңіз видеосын да жариялай аламын», – деп нақтылады мәлімет Қуандық Ешмет Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<