Қылмыстылық деңгей 12 процентке төмендеген

386

0

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы Мади Әбішев мәлімдеді.
Өңірде есепті кезең ішінде 3 544 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мыңға, яғни 12 пайызға төмендеген. Қылмыстардың басым бөлігі ұрлық деректері бойынша анықталған. Бүгінде ұрлық істері қылмыстың 59,4%-ын құрайды.
Мамандар «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» аналитикалық жүйесі арқылы қылмыстылықты алдын алу мүмкіндігіміз жоғары дейді.
– Құқықбұзушылық картасымен жұмыс істеу процесі кез келген қылмыс қылмыстық қудалау органдарында тіркеледі. Осы уақыттан бастап, қылмыс картада пайда болады, онда қылмыс жасалған күні, уақыты, мекен-жайы және қылмыстың түрі көрсетіледі. Бұл карта ғаламтор желісінде http://qamqor.gov.kz мекен-жайы бойынша кез келген азаматқа қолжетімді, –дейді Мәди Әбішев.
Айту керек, аймақта қоғамдық орында жасалған қылмыстардың саны 1132-ден 745-ке дейін төмендеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<