![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-09/medium/1568800406_190918112713074e.jpg)
«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер бойынша берешегі бар азаматтар борышын осы жылдың 1 қазанына дейін өтемеген жағдайда оған 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынатыны туралы хабарлама таратылуда. Комитет бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды», – деді ведомстваның баспасөз қызметі.
Комитеттің хабарлауынша, жеке тұлғалар өткен жыл бойынша жер және мүлік салықтарын осы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы 31 желтоқсанға дейін өтелуі керек.
«Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақтылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі. Сондай-ақ, биылғы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның талаптарына сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<