Жамбылдық азамат қызылордалық таксистің ақшасын алдап алған

211

0

Биыл маусым айында Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны алаяқтық жолмен бөтен мүлікті сенімге кіріп, жымқыру мақсатында Қызылорда қаласының тұрғыны такси жүргізушісінен 61 500 теңге ақшасын алдап алған.  
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен /алаяқтық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Жамбыл облысының тұрғыны жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған.
Бұдан бөлек, тергеу барысында күдіктінің аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.
Тергеу барысында күдіктінің жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды жартылай өндіріп беріп, кешірім сұраған.
Қызылорда қалалық сотының 03.07.2019 жылғы үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<