Браконьерлерден 1 тонна балық тәркіленді

260

0

Қызылорда облысында браконьерлерден 1 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019 жылдың 25 желтоқсанында рейд барысында Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары қармақшы ауданының аумағында УАЗ маркалы көлікті тоқтатып, оның ішінде адамдардың 1 тонна 153 келі балықтың заңсыз әкетіп бара жатқанын анықтады», – деп жазады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында .
Табиғат қорғаушылар браконьерлерді Қармақшы ауданының полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<