Бейсен Құранбектің ауыр дертке шалдыққаны рас па?

679

0

Әлеуметтік желі қолданушылары танымал жүргізуші, журналист Бейсен Құранбектің ауыр дертке шалдыққаны туралы хабарды жаппай талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл хабар жайлы  филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Омар Жәлел өз пікірін білдірді. 

«Бейсен Құранбек. Қазақтың жақсысы. Қауесетті доғарыңдар! «Алғыс түбі ақ май, қарғыс түбі қара қан». Бисекең елдің алғысын алған азамат. 100 жасайды. Оған күмәндарың болмасын. Қайта дұға жасаңыздар. Тез айығып кетсін деп. «Достан дұға» деп осындайда айтылады. Жұртты шошытып, үрейін алмаңыздар», – деп жазыпты ол өзінің Instagram парақшасында. 

Профессор айтқанын оның оқырмандары қостап жатты. 

«Алла шипасын берсін», «Дұрыс айтасыз, аға» деген жазба қалдырыпты желі пайдаланушылары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<