Қызылордада автобус аялдамада адам қағып кетті

223

0

Қызылордада бағдарлы жолаушылар автобусы аялдамада адам қағып кетті. Оқыс оқиғадан жарақат алған адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.

«Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<