![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-01/medium/1578462473_200106222222588e.jpg)
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертеңгі уақытта қатты дауыл тұрған және жаңбыр жауған. Соған байланысты дайындық кейінге қалдырылды. Бапкерлер құрамы оқу-жаттығуды тренажерлік залда ұйымдастырды. Естеріңізге сала кетелік, «Қайсар» Түркияның Анталия қаласында 3-23 қаңтар аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Қызылордалық клуб Анталияда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластар анықталуда. Оқу-жаттығу жиынына сынаққа бірқатар футболшылар келді. Олардың қатарында Елдос Ахметов, Бағдат Қайыров, Қуаныш Қалмұратов бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<