Қызылордада қаңғыбастыққа салынған 42 адам арнайы орталыққа жеткізілді

218

0

6-9 қаңтар күндері Қызылорда қаласында қаңғыбастыққа салынғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында «Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы аралықта белгілі тұрағы жоқ 42 адам есепке алынды. Олар Тасбөгет кентіндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты арнайы орталыққа жеткізіліп, 7 түрлі қызмет алды. 

Орталық 60 орындық болса, оның 50-і күнделікті паналайтын, қалғаны түнемелік келушілерге қарастырылған.

Күннің суытуына байланысты полицияның кешенді күштері қаңғыбастыққа салынған жандарға көмектесу үшін қайта әлеуметтендіру орталығымен бірлесіп жұмыс атқарып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<