Таяу шығыстағы шиелініс: Доллар бағамы 250 теңгеге дейін түсе ме?

232

0

Сарапшы Денис Кривошеев Таяу шығыстағы шиелініс ушықса доллар бағамы 250-270 теңге деңгейін түсетінін болжады KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Экономикалық шолушы «Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы жалғасатын болса, бұдан осы мәселеден алшақ тұрған мұнай өндіруші елдер ұтады» деген әлемдік сарапшылардың пікірімен келісетінін мәлімдеді.

Оларға Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан сынды мемлекеттер жатады.

Денис Кривошеев бұл елдердің валюталары қосымша қолдауға ие болатынын және аймақта доллар тапшылығы біртіндеп жойылатынын жеткізді.

«Егер қақтығыс ушығып, мұнайдың бір баррелі 100-120 долларға дейін жетсе, онда біз доллардың бағамы 250-270 теңге деңгейінде болады деп болжауымызға болады», – деді сарапшы.

Ол доллардың құлдырауы ел экономикасына пайда алып келмейтінін ашып айтты.

«Одан біз жақсы болып кетпейміз. Яғни, қазіргі экономикалық жағдайымызда теңгенің нығаюы экономиканың түбегейлі жақсаруына алып келмейді. Себебі бұл жағдайда біз тағы да сырттан үлкен мөлшерде доллармен табыс тауып, соған малданған мемлекет қайтадан кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауда босаңси бастайды. Кейнсианизмге, яғни мемлекет өзі басшы әрі жұмыс беруші болатын экономикаға қайта ораламыз. Ал жеке капиталды дамыту мен қолдау кілт тоқтайды», – деп түсіндірді Денис Кривошеев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<