![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-01/medium/1578915538_82428406_147150683376827_2075749804301877248_o.jpg)
Жауапты сала мамандарының мәліметінше, сарайдың төбе жабыны мен шатыры толық өртеніп кеткен. Бөлме ішінде тұрмыстық заттар, ас үй жиһазы, тоңазытқыш, велосипед, 3 пластик терезе жанған. Сондай-ақ, өрт ішінен 27 литрлік 1 газ баллоны шығарылды.
– Өрт 11 сағат 03 минутта оқшауланып, 11:10 жойылды. Төтенше жағдайлар департаменті 15 қызметкер, 3 автокөлік, апаттар медициналық орталығынан 3 қызметкер 1 автокөлік жұмылдырылды,-дейді департаменттің ресми өкілі.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<