Әзірге жағдай тұрақты

286

0

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекция мамандары қазіргі таңда дария бойында қауіп жоқ дегенді алға тартып отыр. Есептеулер бойынша қазір «Шардара» су қоймасында 2,9 млрд текше метр су бар. Оған жоғары ағыстан секундына 919 текше метр су келуде. Ал қоймадан төменгі ағысқа секундына 500 текше метр су босатылуда.

– Мол судың 400 текше метрі жолай «Көксарай» су реттегішіне құйылып жатыр. Ал біздің өңірдің Түркістан облысымен түйісер тұсындағы «Көктөбе» елді мекеніне дейін 440 текше метр су келуде. «Қызылорда» су торабынан төменгі ағысқа секундына 370 текше метр су кетіп жатса, «Қазалы» су торабынан секундына 260 текше метрге жуық су өтуде. Қазіргі таңда Жалағаш ауданы аумағында сең жүруі көрініс берді. Ал Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кенті тұсында дария бойы мұз ұстасып тұр. Қазалы мен Арал аудандарында қалың мұз ұстасқан, – дейді инспекция басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітов.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<