Алматыда «Сергек» он бес күнде 53 миллион теңгеге айыппұл салды

244

0

Алматыдағы «Сергек» камералары он бес күнде 53 миллион теңге көлеміндегі жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазірдің өзінде шамамен 53 миллион теңгеге 3200-ден астам заңбұзушылық анықталды. Күніне орта есеппен 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркеледі», – дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.
 Оның айтуынша, қалада 400 «Сергек» камерасы бар. Оның 300-і жоғары жылдамдықты, қалған 100-і сызықтық режімде жұмыс істейді. «Яғни, бұзушылықтардың басым бөлігі жоғары жылдамдық режімінде тіркеледі», – деп қосты ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<