Төтенше жағдайда табандылық танытқан

286

0

Жуырда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының» құрылғанына 20 жыл толды. Атаулы дата ескерусіз қалған жоқ.

Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітап­хана­сында салтанатты шара өтіп, мереке иелеріне құрмет көр­сетілді. Шараға облыс әкімінің кеңесшісі Сержан Наметша, облыс­тық жұ­мылдыру дайындығы басқар­ма­сының басшысы Асылбек Шәменов қатысып, шынайы лебізін білдірді.

– Сіздер үшін «қорқамын, қо­лым­нан келмейді» деген сөз мүлде жат. Төтенше жағдайды асқындырмай, қандай оқиғада болмасын, адам өмірін аман сақтап қалу – негізгі миссияларыңыз. Бұл мамандық қай кезде де маңызын жоймайды, – деді С.Наметша.

Сонымен қатар шарада осы орталықты көп жылдар бойы басқарған Наурызбай Қожамжарұлы сөз сөйледі. Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы шараларға тоқталып, саланың ерекшелігін тарқатып айтты. Міндетін адал орындап, табандылық танытып жүрген әріптестеріне сәттілік тіледі. Қорытындысында тынымсыз қызмет атқарып, оң нәтиже көрсеткен бір топ қызметкер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Расында, аталған сала кез келген қатер мен сынаққа шұғыл жауап бере алатын икемді әрі жоғары дәрежелі қорғанысқа айналған. Өмірін осы салаға арнаған аза­маттар тұтас елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін тынбай тер төгіп, ауыр да абыройлы іс атқарып жүр. Олар кез келген марапатқа, сый-құрметке лайық.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<