Конкурс

349

0

«Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті  анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт бас­қар­­масы» мемлекеттік ме­ке­месі «Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша оңайлатылған кон­курс­­тық  рәсімдерді пайдалана оты­рып, жекеше әріптесті анық­тау үшін конкурс өткізе­тіндігін хабарлайды.

Жобаның атауы: Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу.

Жобаның мақсаты: Қызыл­орда қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылымен қиылысатын Шо­қай көшесі және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының аралығы, «Сәулет» 28, 30, 31, 33, 38 және «Саяхат» 11, 17, 19, 20, 21, 22, 37 мөл­тек аудандарындағы жас­өс­пірім балаларды спорттық сек­ция­лармен қамтамасыз ету.

Жобаны іске асырудың мы­надай нұсқалары қарас­ты­рылады:

– пайдалануға берілмеген құрылысы аяқталмаған объек­ті­лерді іске қосуды қамтитын құрылыс жолымен;

– жеке серіктестіктің дайын ғимаратын пайдалану жолымен.

Жобаның негізгі пара­метр­лері мен талаптары:

1) жобаны іске асыру орны – Қазақстан Республикасы, Қызыл­орда облысы, Қызылорда қаласы.

2) іске асыру кезеңі –  2020-2030 жж, пайдалану кезеңі – 120 айдан кем емес.

3) жобаның қуаты – 52 адам/ауысым.

4) спорт кешені 1 қабатты, 550-600 шаршы метрден кем емес, спорт кешенінде жат­тық­тырушылар бөлмесі, медбике (аға) кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, әжетхана (ерлер, әйелдер), кіреберіс алаңының болуы қажет.

5) Жекеше әріптес кіріс­тері­нің болжамды көздері:

– жыл сайынғы жалға алу төлемдері;

– сондай-ақ өзге де табыстар, коммерциялық қызметтерден.

6) МЖӘ шартында бел­гі­­ленген талаптарға сәй­кес мемле­кеттік қолдау – қыз­мет­тердің кепілдік берілген көлемін тұтыну шарасы.

7) Ғимараттың нысаналы мақ­­сатын өзгертуге құқық ауырт­палығын тіркеу.

8) Теңгерім ұстаушы – спорт кешені жекеше әріптестің менші­гінде қалады.

9) Жобаның техникалық күр­­делі және (немесе) бірегей тиіс­тілігі: қатысты емес.

Әлеуетті инвесторларға қо­йы­латын талаптар:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында және құжаттамада көрсетілген біліктілік талап­тарына сәйкестігі.

Жоба бойынша ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі:                         14 ақпан 2020 ж.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №3, «Қызылорда облы­сының дене шынықтыру және спорт бас­қар­масы» мем­лекеттік мекемесі, 6-кабинет.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

Байланыс деректері:

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқар­масы» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: Қазақстан Рес­пуб­ликасы, Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі, №3, кабинет 6. 

Анықтама үшін: 8/7242/23 06 40

Электронды пошта: oblsport66@mail.ru.

Жұматов Серік Айдарбекұлы, бөлім басшысы.

Конкурстық өтінімдер са­лынған конверттерді ашу 2020 жылғы «17» ақпан сағат 15.00-де жүзеге асырылады. Толық ақ­па­ратты байланыс деректері бойынша алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<