Кенші қар көшкінінің астында қалып көз жұмды

236

0

«Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешеніне қарасты «Камышенский» карьерінде жазатайым оқиға тіркелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылғы 18 қаңтарда сағат 10:00 шамасында карьер ернеуінен көшкен қалың қардың астынан қазандық қызметкерінің денесі табылды», – делінген компанияның хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<