![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-03/medium/1583587041_kisspng-email-outlook-com-yahoo-mail-gmail-mail-5abf3166a2fbc2.9082271615224794626676.jpg)
Оның қолынан бәрі келетін, өте еңбекқор жан еді. Үйге келгенде қарап отырмай бізге қыста киетін шұлық тоқып беретін. Жасы сексеннен асқанша газетті көзілдіріксіз оқыды, теледидардан жаңалықтарды үзбей көрді. Жүн жуу, кептіру, сабау, киіз басу, тұскиіз ойып, тігудің хас шебері еді. Не деген сүйегі асыл, рухы мықты адам болған деп осы күні таң қаламын. Кезінде әкем мен анам енші алғанда өз қолымен үлкен қараша үйдің бау-шуларын тоқып, тігіп беріпті. Сондықтан қараша үйді көзіміздің қарашығындай сақтаймыз. Әкем мен анам «Апамның көзі ғой» дейді.
Әжем тамақтануға да ерекше көңіл бөлетін. Ас ішіп отырғанда тамақты түрткілей бастасаң, «асты қорлама, жейтін болсаң қасығыңды толтырып же, жемесең түрткілеп шұқылай берме. Астың да киесі болады. Тамақты көңіліңе алып, шын жүрегімен жемеген адам ауру болады» деп айтып отыратын. Расында да, қазір ғалымдар асқазан ауруының бірден бір себебі тамақты дұрыс көңіл-күймен жемеудің әсерінен екенін дәлелдеген жоқ па?
Мен 85 жасқа келіп, бүкіл әулетіміздің асыл қазынасы, киесі болған алтын әжеммен мақтанамын, ол кісінің рухына тағзым етемін. Кейінгі қарияларымыз да осындай жақсылығымен, ізгі қасиетімен жұрттың аузынан түспейтін данагөй, ақылшы бола алар ма екен?!
Ділнәз НАҒАШЫБАЙ,
№28 орта мектеп оқушысы.
Қармақшы ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<