Коронавирус тағы 6 адамнан анықталды, науқастар саны 308-ге жетті

212

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 6 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 
31 наурыз сағат 00.10-дағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 5 адам, Акмола облысында – 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 173 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 308 науқас тіркелді», – делінген ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<