Соңғы тәулікте ауру анықталған жоқ

964

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 231. Соңғы тәулікті жаңа жағдай тіркелген жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте жаңа дерек тіркелмеді. Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған 3270 адам. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін жалғастыруда», – деді бас дәрігер.

Сонымен қатар, індеттен айыққандардың саны 172-ге жетті. Өткен тәулікте 11 адам емделіп шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<