Еңселі елдің сардары

1124

0

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласын оқып, ерекше сезімге ие болдым. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұзақ жылдар бойы Елбасының шәкірті, серіктесі, үзеңгілесі ретінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи портретін жан-жақты ашып, тұлғалық бейнесін сомдап берді.


Тарихшы ретінде мақала желісін оқи отырып, Тәуелсіз еліміздің қалыптасу үдерісінде орын алған ішкі және сыртқы саясаттағы мәселелер мен тәуекелдерді шешу барысында Елбасының парасатты, батыл, көреген қадамдарына көз жеткізіп, «әлемдік деңгейдегі саясат сардары» екеніне тамсанбасқа болмас.


Президентіміз Елбасының «Бо¬лашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын Қазақстан қоғамының ой-санасын прагматизмге үндеуге зор үлес қосты деп ерекше атап, «ел руханиятының айнасы іспеттес осы бағдарлама арқылы мәдениетіміз бен өнеріміздің жоғы түгенделіп, бары бағасын алды» – дейді. Бүгінде «той тойлайтын емес, керісінше ой ойлатын уақытта» бағдарламаның өзектілігі арта түсетіні ақиқат. Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында азаматтық қоғам мен мемлекетіміздің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдайлар жасалған.


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық жүргізген тынымсыз еңбегінің арқасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасы сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған еңселі мұраттарын еңсеріп, толағай табыстарға қол жеткізді. Бүгінде Ұлы Дала төрінде орналасқан еліміз қарқынды дамып келе жатқан, әлем елдерімен терезесі тең мемлекетке айналды.

Уалихан Ибраев,

Облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының директоры,
тарих ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<