7 мың тонна көмір жеткізілді

846

0

Биылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қыдыркүл Құдабекова мәлімдеді.


Бүгінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорны өз қаражаты есебінен 10 қазандыққа, 1 турбинаға, 7 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 шақырым магистралдық жылу желісін реконструкциялау жұмысы атқарылып, 66 проценті орындалды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы 10 жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


«Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ бойынша 1800 шақырым әртүрлі кернеудегі электр желілеріне және 233 қосалқы трансформаторлық станцияларға күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы 56 газ тарату пункті мен 242 ШРП-да жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Сонымен қатар «Қызылорда су жүйесі» мекемесі өз қаражат есебінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 9 жоба негізінде тиісті жұмыстарды атқаруда. Әлеуметтік нысандардың да кіші қазандықтарын жөндеу жұмыстары өз дәрежесінде орындалып жатыр.


Сондай-ақ, әлеуметтік сала нысандарына алдағы жылу беру маусымында 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір қажет. Осы ретте облыс тұрғындарына 7 мың тонна көмір жеткізілді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<