Баға және тұрақтандыру қоры

905

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетовты қабылдады деп хабарлайды облыс ґкімінің баспасөз қызметі.

C.Нұрымбетов аймақ басшысына әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауар­ларының бағалары мен тұ­рақ­тандыру қоры арқылы атқа­рылған жұмыс жөнінде баяндады.

Бүгінгі күні облыста 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 8 812,6 тонна қоры бар. Яғни, халыққа қажетті қарақұмық жармасы, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, картоп, сиыр еті секілді өнімдердің мол қоры бар. Оның ішінде тұрақтандыру қорын­дағы өнімдер 2665,3 тоннаны құрайды. Аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы рес­пуб­ликаның өзге өңірлерімен салыстырғанда 1,2 процентке төмен.

Сонымен қатар, тұрақ­тандыру қорының әріптестері «Ажар» сауда үйі мен «Данчо» жеке кәсіпкері арқылы 378,3 тонна әлеуметтік маңызы бар өнім қорлары қалып­тас­тырылып, облыс тұрғын­да­рына ұсынылады.

Өзге де сауда орындарында 5769 тонна әлеуметтік өнім көлемі бар.

Осы жылдың шілде айы­ның басынан Қызылорда қала­сының ірі сауда орындарында әлеу­меттік бұрыштар ашылып, тұрақтандыру қо­рының өнім­дерін бел­гіленген бағада сату жұмыс­тары жүр­гізілді.

«Алтын Қамба» АӨК» ЖШС тарапынан Қызылорда қаласы әкімдігі ұсынған 9 ірі сауда үйлеріне, «Small», «Magnum», «Сұлтан», «Аль-Асад», «Қызыл­орда», «Сыбаға», «Мирас», «Ажар», «Ақниет» әлеуметтік бұрыш­тар ашуға тұрақтандыру қорының өнімдерін белгі­ленген бағада сату ұсынылып, нәти­жесінде 6 сауда орны, оның ішінде, «Мирас», «Аль-Асад», «Анвар», «Ажар», «Қызылорда Оптомаркет», «Ақниет» әлеу­меттік бұрыш ашуға және тұрақтандыру қорының өнім­дерін сатуға келісім берді.

Облыста осы жылдың мамыр айынан бастап С-1 санаттағы, яғни, күнделікті қолданыстағы тауық жұ­мыртқасының 10 дана­сына 90 күн мерзімге шекті рұқсат етілген 284 теңге мөлшерде бөлшек сауда бағасы бел­гіленді.

Сондай-ақ, өңірде қара­құмық жармасының бағасы тұрақ­тал­ма­уына ­байланыс­ты, тиісті талап­тарға сәйкес шекті рұқсат етілген 313 теңге мөлшерде бағасы бекітілуде.

Облыс әкімі басқарма басшысына тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының баға­ларын тұрақтандыруды, әлеу­­меттік дүкен­дер мен әріп­тес­тердің сауда орын­дарында қалыптастырылған әлеу­меттік қатарларды күзгі өнімге дейін ерте пісетін көкөніс өнім­дерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Алдағы 2020-2021 жылғы қысқы маусымаралық кезеңге осы бастан азық-түлік қорын қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауды міндеттеді. Сонымен қатар, облыс ор­талығында әлеуметтік дү­кен­дердің санын көбейту жөнінде тапсырма берілді. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<