Өңірде әзірге баламасы жоқ

702

0

Жаңақорғанда жаңа өндіріс ошағы ашылды. Өңірде әзірге баламасы жоқ жаңа жобаны жеке кәсіпкер Мұхтар Тойымбетов қолға алды.

Еліміздің өзге аймақта­ры мен шетелдерден тасымал­дан­ған құрылыс қоспалары енді оңтүстіктегі өндірісті ау­­данда өндірілуде. «Ернар» се­­ріктестігі – ауданда құр­ғақ құрылыс қоспаларын шыға­рушы алғашқы әрі жалғыз өн­діруші. Нақты кезеңде цех­та тәулігіне 3 тонна өнім шы­ғарылуда. Жергілікті өнімнің бағасы нарықтық құннан едә­уір төмен, ал сапасы ешбір баламадан кем емес.

Кәсіп иесі аталған цехты іске қоспас бұрын көп із­ден­генін айтады. Өзі 2002 жылдан бері өндіріс саласында еңбек еткен. Еңбек ете жүріп нарық­ты зерттеуге көшеді. Соңғы 5-6 жылда бизнестің қыр-сырымен танысып, тәжірибе жинақтайды. Түрлі жобаларды сүзгіден өткізіп, қазіргі қо­ғамға ең қажетті құрылыс ма­териалын шығаруға ниет етеді. Алдымен өндірістік базаға ғи­марат іздестірген кәсіпкер кенттегі ПМК-34 мекемесінің ғимаратын жалға алып, істі бастаған. 

– Әрине, нарықтағы бәсе­келестікке төтеп беру оңай шаруа емес. Оның үстіне бұл кәсіп аудан өндірісінде тә­жірибеде болмаған. Бүгінде құрылыс материалдарының 3 түрін өндіріп жатырмыз. Олар – құйылмалы еден, әмбебап сылақ және плиткаға арналған желім. Сауда маркасы – «Құ­ры­лыс сапа» деп аталады. Ең бастысы, тұтынушыға баға­сы қолжетімді, – дейді кәсіпкер М.Тойымбетов.

Айта кетейік, өндіріске ке­рек шикізатттың дені сырттан тасымалданады. Мәселен, ұн­тақталған мәрмәр (мрамор ұн­тағы) Алматыдан, қағаз қа­бы Шымкенттен, гипсті Өз­бекстанның Самарқанд қа­ла­сынан, химия қоспаларын шетелден тапсырыспен ал­дыруда. Бұған дейін аудан тұрғындары мұндай құрылыс материалдарын көршілес қа­лалардан алдыртатын. Ал өнім­нің жергілікті жерден шық­қаны олар үшін тиімді болмақ. Өйткені, жергілікті өнім базар бағасынан әлдеқайда арзан. Мәселен, плиткаға арналған желімнің бағасы базарда 1450-1500 теңге болса, мұндағы баға – 950 теңге.

М.Тойымбетовтың ай­туынша, құрылысқа қажетті материалдарға, әсіресе құр­ғақ құрылыс қоспаларына сұ­раныс артпаса, кемімейді. Се­бебі, елімізде құрылыс ғи­мараттарын салу ісі тө­мен­деген жоқ. Жеке секторлар­да үй салу қарқыны да жо­ғары. Ал маусымдық жөн­деу жұ­мыстары үздіксіз жүргі­зіліп отырады.

– Қазіргі күні цехта 4 жұ­мысшы еңбек етуде. Ал­дағы жылы бұл жобаға инно­вациялық жоба ретінде мем­лекет тарапынан қаржылай қол­­дау көрсетілсе, кәсіп­орынды ке­ңейтіп, жұмыс­шы­лар санын арттыру жос­парда бар, – дейді кәсіпкер.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<