Абай мұрасы – жастарға өнеге

1599

0

Бүгінгі басты жаңалықтың бірі Елбасының «Абай аманаты» мақаласының жариялануы болды. Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келетінін жазды. Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі екені рас. Биылғы күнтізбеден де Абай күні мерекесі ойып тұрып орын алды, дана асылдың 175 жылдығы елімізде айрықша атап өтілуде. Бірте-бірте ұлы ақынның даңқы жер жүзіне әйгілі болатындай деңгейге жеттік. Ол алдымен, Абайдың теңдессіз кемеңгерлігінің, содан соң тәуелсіз мемлекеттігіміздің арқасы.

Абай мұрасының  ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі бөлек екені де даусыз. Себебі, Абайды оқыған сайын жаңарып, тазара бересің. Тереңіне бойлаған сайын ойлана түсесің. Мына сұлу дүние есігін ашып, рухани құндылыққа ұмтылғысы келген әрбір адам Абайдың шығармаларымен етене танысу керек.

Жастар да Абайға деген құрмет оның шығармашылығына терең бойлаудан тұрады деп біледі. Олар рухани жетілу үшін Абай аллеясында жиі бас қосып,  ғұламаның өмір жолын, оның түрлі аудармаларымен жақынырақ танысуда. Сонымен қатар түрлі интеллектуалды байқауларда шыңдалып, әдеби кештерде ақын өлеңдерімен сусындап, рухани азық жинауда. Ал, ол ақынның адами құндылықтар тұрғысынан айтқан ой-пайымы бүгінгі уақыт өлшемімен қарасақ та өзекті екенін айғақтайды.

Бауыржан МАСТЕКОВ,

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының»  директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<