«Тасбөгет» бастауыш партия ұйымы конференцияға делегат ұсынды

631

0

Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Тасбөгет» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.


Жалпы атап өту керек, «Тасбөгет» бастауыш партия ұйымында 6 топтық ұйымнан біріктірілген 319 партия мүшесі бар.
Бүгінгі жиын пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылғандықтан жиынға 70 партия мүшесі қатыстырылды.
Жиынды ашқан бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғани Сардарбеков жиынның негізгі күн тәртібі: «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалынының кезектен тыс XXVI конференциясына делегаттар ұсыну екенін атап өтті.


Ұйым мүшелері күн тәртібін ортақ талқыға салып, бір ауыздан бастауыш ұйым төрағасы ретінде Ғани Сардарбековты ұсынды.
Жалпы атап өту керек, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында 8486 партия мүшесі бар. Олар 252 топтық ұйымдармен 36 бастауыш ұйымдарға топтасқан. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев «Бастауыш партия ұйымдары – белсенді саяси жұмыстың нағыз орталығына айналуы тиіс» деп атап өткендей, партия филиалы тарапынан партияның ұйымдық негізін құрайтын – бастауыш партия ұйымдарының базасы нығайтылып, жұмысына айрықша көңіл бөлінген. Қазір бастауыш ұйым төрағаларының 11 -і қалалық партия филиалы Саяси Кеңесі мүшелігіне, 3-і Саяси кеңес Бюросы құрамына енгізілген. Сондай-ақ, 3-і қалалық және облыстық мәслихат депутаттары.


Ақпарат үшін: 7-8 қараша күндері арнайы бекітілген кестеге сәйкес барлық бастауыш ұйымдардың конференцияға делегаттар ұсыну жиналыстары өткізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<