Белоруссия: жағдай күрделі сипат ала бастады

445

0

Белоруссиядағы  жағдай күрделі сипат ала бастады. Соңғы күндері президент Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап еткен халық наразылығы күшейе түсті. Жағдайдың қауырт сипат алуы Ресейдің Белоруссияға бүйрегі бұрып тұратын саяси сарапшыларына да ұнай қоймайды. Оны біз «Россия-1» телеарнасы жүргізетін «Вечер с Владимиром Соловьевым» хабарын тыңдағанда байқадық.

Атап айтқанда, А.Лука­шен­ко­ның сөзінде нақ­ты­лық жоқ. Ұстанымдарын жиі өзгертеді. Тіпті ол ТМД ел­­дері журналистеріне берген сұхбатында «отставкаға кетпейтінін» мәлімдеді.

Президенттің пікірінше, елдегі жағдайды ушықтырып отырған шетелдік радикалдық топтардың өкілдері көрінеді. «Егер олар қарумен келсе, біз де солай істейміз. Ал бұл азамат соғысына әкеліп соқтыруы мүмкін», – деді Лукашенко. Жағдайдың ушығуына оппозиция өкілі Бондаренконың ауруханадағы өлімі де себепші болды. Бұл оқиғаға қатысты президент: «бізге мұндай құрбандықтың ешқандай да пайдасы жоқ, оны біреулер өз мүддесіне пайдалану үшін жасады» деді.

Минск пен басқа қа­лаларда қарсылық акцияларына қатысушыларды жаппай қамау белең алды. Бірақ бұл жағдай бас көтерушілерді тоқтатар емес.

Дайындаған

Еркін Әлен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<