Жетістікке жол

849

0

Биыл дүниежүзін дүрліктірген пандемия барлығымызға да оңай соққан жоқ. Оған қарсы күресте Сыр өңірі жұртшылығы айрықша белсенділік көрсетті. Сол сәттерде Гүлшара Науша­қы­зының да үлкен жұмыстар атқарғанын білеміз.

Науқастардың жайын білу мақсатында ауруханаларға барып, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ендігі кезекте облыста 200 адамға арналған модульді инфекциялық аурухана және оттегі станцияларының салынуы қуантып отыр.


Қазір Қызылорда қаласына бара қалсаңыз, облыс орталығының ерекше көркейіп келе жатқанын сезіну қиын емес. Дарияның сол жақ бөлігінен зәулім ғимараттар бой көтеріп, қаншама тұрғын үйлер ел игілігіне берілуде. Облыстың қай ауданында да құрылыс қарқыны ерекше болып тұр.


Сыр өңірінде білім саласына да айрықша көңіл бөлініп жүргенін естіп жүрміз. Әсіресе, дарынды өрендерді қолдау, ауыл балаларының жоғары оқу орындарына түсуіне грант бөлінуі – құптарлық қадам. Әрине, қазіргідей сындарлы кезеңде туындап отырған қиындықтарды еңсеру оңай емес. Дегенде, облыс әкімінің сөзінен нақты жос­пар, бағыт-бағдар бар екенін аңғардық.


Аймақтың болашағы бұдан да жарқын боларына сенемін. Сенім жетістікке жетелейді.

Дана НҰРЖІГІТ,


Қазақстан Республикасы


Парламенті Сенатының депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<