Ақын жинағы жарыққа шықты

1185

0

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ақын, журналист Рысты Бекбергенованы қабылдады.

Өнегелі өмірінің отыз жылдан көбін мерзімді басылымда, оның ішінде облыстық «Сыр бойы» («Ленин жолы») газетінде өткерген ол – бүгінде 90 жаста.

Кездесуде қала әкімі өзінің қолдауымен жарыққа шық­қан ақынның «Өлеңім – менің тұңғышым» атты кітабын табыс­тады. Кітапқа ақынның таңдамалы туындылары топтастырылған.

– Таңдамалы шығармалар енген еңбекті кітапханаларға қойып, оқырманның танысуына мүм­кіндік жасаймыз, – деді Н.Нәлібаев.

Бұған дейін ақынның «Тұңғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірдің ақ пен қарасы» кітаптары жарыққа шыққан.

Р.Бекбергенова шығарма­шы­лығына қолдау көрсеткені үшін шаһар басшысына алғыс білдірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<