Шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлаған – сот үкімі шықты

934

0

Ақтөбе облысында құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы жеті жылға сотталды. Бұл туралы өңірлік «Мой город» басылымы хабарлайды.

Бұрынғы шенеунікке «Ақ Саток» компаниясының директорымен бірлесіп Сағашилі ауылында мектеп құрылысына бөлінген 60,7 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылды.

Іс материалдарына сүйенсек, басқарма басшысы өз лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған. Ол жекеменшік компанияға мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша жұмысты орындағаны үшін соманың 3%-ін негізсіз қайтарған. Қайтарған сома 22,4 миллион теңгені құрады. Бірақ компания нысандағы жұмыстың барлығын орындамаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<