Геймер сіздің үйіңізде де болуы мүмкін

771

0

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» дейді қазақ. Сәйгүлік мінсе сырқатынан айығар шабарманға айналған жастардың қарасы қалың болатын. Қазақтың салтын сақтап, дәстүрлі ойындарын дүние жүзіне дәріптеп жүрген дарабоздарымыздың дені қазір жоқтың қасы. Әрине, көпке топырақ шашпаймын. Өз ісінің шеберлері мен ақтаңдақтары  жетерлік.

 Бірақ, қазір асықты телефонға, ал  допты сол телефондағы атыс-шабыс ойынына  алмастырған  кезең туды. Күздің қоңыр салқын кеші болатын. Үйге қарай бет алдым. Жолда келемін. Біздің аула алдынан көп адам жүре қоймайтын. Кенет бір дауыс құлағыма естілді. Анықтап қарасам, жас жеткіншек қалтафонына шұқшиып «барсай, бар, бара бер, ат-ат, өлтір» деуде. Кішкентай геймердің ойынға кіріп кеткені соншалық сырттай бақылап тұрған мені де көзге ілмеді. Оның қандай дүниемен айналысып отырғанын түсіне қоймадым. Кейіннен осы мәселенің ақ-қарасын анықтауға кірістім.

 Ойынның түпкі мән-мағынасы былай екен. «Free Fire» – бұл онлайн шутер ойын. Ережесі 50 ойыншы әуе кемесінен секіргеннен кейін алыстағы аралға қонады. Мақсаты – аралдағы ойыншының бәрін жеңу, соңына дейінгі кезеңдерді өткеру. Әрбір ойыншы қару-жарақ және техникамен соғысу үшін керек заттарды жинақтайды. Ұрыс алаңы уақыт өте келе шектелген қауіпсіз аймақты қалдырып, ойыншылардың өздерінің өмірі үшін күресуге мәжбүр етеді. Тіпті, шынайы оқиғаға негізделген, әртістері жасақталған әжептәуір «кино» деуге болады. Айналасындағы болып жатқан оқиғаға мән бермей, тіпті ішер асының дәрежесімен бірдей көріп дастарқан басына әкеп дүрліктіріп отыруы қорқынышты құбылыс көрінетіні сондықтан. Қазір  бұл ойынға қызығушылар саны көп. Ал, оның азаюы уақыт еншісінде деп білеміз. Қалай десек те, оның зиянын ескеру маңызды.

Гүлжанат ҚАДЫРБЕК,

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ң 4-курс студенті

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<