Доллар арзандапты…

531

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz

Доллар бағамы кешегі бағамен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған. Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,63 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 418,12 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,65 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу – 418,56 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<