Ұлттық банк басшысын қабылдады

700

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат ­Досаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына биыл­ғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қо­ры­тындысы, Ұлттық қор­­дың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт ­Тоқаевқа әлем­дік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жыл­ғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен ­валюта айырбастау бағамының қа­зіргі жағдайы жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану ­жө­ніндегі тапсырмасының орын­­далу барысы туралы айтты.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<