Қармақшыда даму динамикасы бар

796

0

Қармақшы ауданында өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд 18 млн.теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты. Бұл аймағымыздағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Құрылыс жұмыстарында жүргізіліп жатқан басты жобалардың бірі – аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру. Бұл тұрғыда былтыр газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысын толық аяқтау мақсатында 2 млрд 343 млн.теңге қаржы тартылған. Осы қаржы аясында 159,5 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газ тарату пунктері және 2569 шкафты тарату пунктері орнатылды. Жоба осы жылдың ІІ тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд теңге қаржы көлемінде 40 жобасы іске асырылып,  аудан бойынша 804 адам жұмыспен қамтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<