ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

442

0

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты болып өтті. Оған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері қатысты. 
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 16-30 аралығында өтетін спартакиада спорттық ойынның 10 түрінен жарыс өтеді. Олар арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, тағы басқа ойын түрлерінен командалар өзара бақ сынасады. 
Сайысты облыстық туризм және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ, шара барысында өңірімізде спорт саласында айтулы жеңіске жетіп жүрген саңлақтар мен жаттықтырушыларды облыс әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапаттады. 
Одан әрі қатысушылар екі топқа бөлініп, арқан тарту жарысын бастады. Нәтижесінде бірінші топ бойынша 1-орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 2-3 орынды облыстық денсаулық басқармасы, облыстық білім басқармасы жеңіп алды. Ал, екінші топ бойынша облыс әкімі аппараты, облыстық денсаулық басқармасы мен қала әкімінің аппараты көш бастап келеді.
Спартакиада жеңімпаздары сайыстың барлық қорытындысы белгілі болған соң арнайы ауыспалы кубок және дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.  
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<