Жүйелі ұйымдастырылған жұмыс

623

0

Өткен жыл еліміз үшін күрделі болды. Әлемді жай­лаған пандемия біраз әлекке түсірді. Соған қарамастан, өңірде алға жылжу басым. Оны облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың ­облыс тұр­ғындарына берген есе­бінен көруге болады. Қай салада болмасын, еңбектің нәтижесі бар. Демек, мемлекет ұсынған мүмкіндікті билік пен халық үйлесімді жүзеге асырған.

Бір ғана мысал, «Жұ­мыс­пен қамтудың Жол картасы» аясында 40,1 млрд теңге қаржы қаралып, 291 жоба жүзеге асқан. Бұл пандемия кезінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақ­сартуға мүм­кіндік берді. Сон­дай-ақ, өңірге инвестиция тарту көрсеткіші артығымен орындалып отыр.

Ауылшаруашылық  са­ла­­сында да оң өзгеріс бар. Мәсе­лен, әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнім­дерінің 11 түрі экспорт­талған. Алғаш рет шет елге қамыс экспортқа шықты. Бұл – біздің өңір үшін жақсы жетістік. Сонымен бірге пандемия кезінде өңірдегі 54 мыңға жуық кәсіпкер салықтық жеңілдіктерін алып, 8,5 мыңнан астамы міндетті әлеуметтік меди­циналық сақ­тандыру төлем­де­рінен бо­­сатылды. Бұл шағын және орта бизнесті дамы­туға көр­сетілген қолдау деп біле­мін.

Жалпы аймақ басшысы айтқандай, өзге де салаларда жыл жемісі жетерлік. Мұның барлығы – жұмыстың жүйелі әрі ұтымды жүргізілуінен. Осы қарқынмен жалғасын табатын болса, биыл бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізетінімізге кәміл сенемін.

Бақдәулет МАҚАШОВ,

облыстық мәслихат

депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<