Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Волонтер жылы» болып жарияланып, ауқымды істер атқарылды. Аймақ басшысының есепті кездесуінде айтылғандай, республикада алғашқылардың бірі болып облыста «Сыр еріктілерінің штабы» құрылды. Мұнда еріктілерді оқыту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Сонымен қатар түрлі бағыттар бойынша ақпарат берілді. Олардың қызметі еңбек өтіліне енгізіліп, көптеген мүмкіндіктер қарастырылды.
Еріктілер тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты қарт адамдарға 11 тұрғын үй салып берді. Індет өршіген кезде белсенділік танытты. Көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, қолдау білдірді. Азық-түлік, тегін дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдарын таратып, қайырымдылық шараларына қатысты. Игі іске көптеген жастар қызығушылық танытып, еріктілер қатарына қосылды.
Президент тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы індетпен тікелей күрескен 3 мыңнан аса медицина қызметкеріне 3 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленді. 20 медицина қызметкері жоғары мемлекеттік наградамен, 107 қоғам белсендісі (еріктілер, медицина қызметкерлері, меценаттар) «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Жалпы, Волонтер жылында Сыр елінде жастарды жан-жақты қолдауға, волонтерлікті дамытуға бағытталған көптеген істер атқарылды. Сондай-ақ, игі істер әлі де жалғасын тауып, белсенді жастар елдің алғысына бөленіп келеді.
Сабыржан КЕҢШІЛІК,
қалалық жастар ресурстық
орталығының директоры
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<