«Алғыс айту – парызым» рухани-танымдық онкүндігі ұйымдастырылды

639

0

1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Алғыс айту – парызым» рухани-танымдық онкүндігін ұйымдастырды. Шаралар карантин талаптарын сақтай отырып жүргізілді.

Оқу орнында онкүндік «Қазақ халқына алғысым шексіз!» тақырыбындағы колледж қызметкерлері және білім алатын өзге ұлт өкілдерінің видеоқұттықтаулар топтамасымен басталды. Олар қазақ халқына деген ризашылықтарын жеткізіп, алғыс білдірді.

 «Қазақстан халқы Ассамблеясы: өткені мен бүгіні» және «Әлем елдеріндегі алғыс айту дәстүрлері» тақырыптары бойынша колледж студенттеріне танымдық дәрістер өткізіліп, деректі фильмдер көрсетілді. «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі әлеуметтік қолдауға зәру жандарға қолғабыс көрсету мақсатымен «Ізгілікті өзімізден бастайық!» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып,  «Өнер» бөлімінің өзге ұлт өкілдерінен құралған оқытушылары «Шын жүректен…» әдеби-сазды мерекелік салтанатты кешімен жалғасын тапты. Мерейлі мереке аясындағы  шаралардың  онкүндігі «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбындағы  ардагер ұстаздармен  кездесу кешімен қорытындыланды. 

Айта кету керек, аймағымыздағы беделді оқу орындарының бірі болып саналатын колледжде бірнеше ұлт өкілдері бар.  Олар өз саласының нағыз майталмандары мен ізденімпаз да  жаңашыл шәкірттер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<