Алматы түбіндегі ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты – ТЖМ

673

0

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшқан Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қайтыс болды, тағы екеуі Алматы облысының Іле ауданындағы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Спутник.кз Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Ұшақ радардан жоғалып, Алматы әуежайына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат 13 наурызда сағат 17:25-те түсті. Апат болған жерде өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.


Оқиға орнына 10 реанимациялық жедел жәрдем бригадасы келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<