Соңғы қоңырау кеші өтеді

1147

1

Биыл «Соңғы қоңырау» кешіне тек мектеп бітіруші 9 және 11 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

«Соңғы қоңырау» сал­танатты шарасын өткізудің арнайы ережесі бекітілді. Әр сынып оқушыларының шарасы бөлек жүр­гізіледі. Егер мектепте 2-3 сынып немесе одан да көп болған жағдайда кезекпен өткізіледі.

– Соңғы қоңырау шара­сы мектеп аула­сында, қа­ра­пайым түрде өтеді. Ша­раны өткізу барысында әлеуметтік арақа­шықтық 1,5-2 метр аралығы сақталады. Оған қоса оқушылардың барлығы меди­циналық маскамен ке­луі тиіс, – деді Ақзира Бақты­байқызы.

Ал, мектеп бітіруші тү­лектерге аттестат тапсыру шарасы «Тәуелсіздік ұлан­дары» тақырыбымен жылда­ғы­дай 12 маусым күні өтеді. Шараға түлектердің мектеп формасымен қа­тысуы та­лап етіледі. Айта кетейік, оқу­шы­лардың мектеп бітіру ке­шін үйде, жалдамалы үйде, кафе немесе мейрамханада өткізуіне және кортежге шы­ғуына рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, пе­дагогтарға сый­лық алуға оқушылар мен ата-аналардан қаржы жинауға қатаң тыйым салынады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<