Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жиын өтті. Онда облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай осы жылдың 4 айында қалыптасқан көрсеткіштер туралы баяндады.
2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 214,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Тамақ өнімдерін өндіру 2,8%-ке, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 5,2%-ке, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 4,7%-ке жеңіл өнеркәсіп 8,6%-ке, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру 2,9%, жиһаз өндіру 45,7%-ке, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 10,2%-ке артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,6 процент қамтамасыз етілді (51,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді).
Есепті кезеңде өңір экономикасына 55,7 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 процентке артық көрсеткіш.
11,2 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 157,9 процент құрады.
155,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, (113,5%) өсім қалыптасып отыр.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 18,2 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7 процент өсім қамтамасыз етілген.
2021 жылдың 1 мамырына 12 114 жаңа жұмыс орны құрылса, оның 3348-і тұрақты жұмыс орындары.
Биыл индустрияландыру бағдарламасы аясында облыста жалпы құны 48,5 млрд теңгені құрайтын, 506 жұмыс орны құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда, олар: «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» («Orda Glass ltd» ЖШС), «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру» («Қармақшы құс» ЖШС), «Ас тұзын өндіру» («Аралтұз» АҚ), «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі» («Qazaq Qamel» ЖШС).
Сонымен қатар, 2021 жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына ай сайын тұрақты мониторинг жасалуда. Ол негізгі 6 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес ахуалды қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат.
Облыс әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер ететінін атап өтіп, атқарылатын жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, бюджеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып, уақытылы игерілу қажет екенін ескертті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<