Құрылыс алаңдарында жұмыс қызды

482

0

Биыл 25 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов айтып берді.

25 әлеуметтік нысанның 21-і өткен 2020 жылдан өтпелі, қалған 4-і – жаңа нысан.

– Нақты кезеңде осы жылға бөлінген 8,4 млрд теңгенің 924 млн теңгесі игерілді. Бүгінгі күнге дейін 2 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олар – Шиелі аудандық тарихи-өлкетану ғимаратына қосымша құрылыс пен  Қызылорда қаласындағы ОІІД-нің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу жаттығу полигоны құрылысы. Жыл аяғына дейін тағы да 17 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ал қалған 6 нысан келесі 2022 жылы қолданысқа беріледі, – деді А.Нұрмағанбетов. 

Қазір жобалау жұмыстары бойынша 16 нысанның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылған. Бірінші жартыжылдықта 5 нысан сараптамасының оң қорытындысы алынады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, 2021-2022 жылға облыс бойынша барлығы 19 нысанның сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Олардың 8-і дәрігерлік амбулатория,  3-і медициналық бекет, 3-і мәдениет, 4-і спорт нысаны, 1-і әкімшілік ғи­марат. Қазір жобалау жұмыстарына мемле­кеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына барлығы 9,3 млрд теңге бөлінді. Жалпы, облыста 2158 пәтерлік 105 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 61 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<