ҰБТ: 138 балл

993

0

Мектеп түлектері үшін ең маңызды білім сынағында Сымбат Асылбек ең жоғары 140 балдың 138-ін жинады. Түлек Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда»  мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

–        Таңдау пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті. Маған тест сұрақтары қиындық ту­ғызған жоқ. Мектеп қабырғасында алған білімім мен қосымша дайындығымның арқасында осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Сынып жетекшім әрі пән мұғалімі Гүлнар Қалмырзаға және барлық пән мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін, – деді Сымбат Асылбек.

Айта кетейік, ұлттық тест 30 маусымға дейін жүреді. Әзірге облыс бойынша ең жо­ғарысы – 138 балл. Ал, осыған дейін екі оқушы 137 балл еншіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<