«Өскемен-Алтай» тасжолында жартас опырылып құлады

315

0

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жартас опырылып құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 маусым күні әлеуметтік желілерде «Өскемен-Алтай» тасжолында жартастың опырылып түскені жайлы видео тарап кеткен болатын. Жолдың жарты бөлігі жабылып қалғандықтан, көліктер қарсы бағытқа шығып жүруге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» мекемесінің қызметкерлері аталған жолды тазартқан.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай» тасжолының 21 шақырымында жартас опырылып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Осыған орай мамандар оқиға орнына барып жолды тазартты. Зардап шеккендер жоқ. Осы ретте, көлік жүргізушілерін барынша абай болуға шақырамыз!», – делінген «Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметінде.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/oskemen-altay-taszholynda-zhartas-opyrylyp-kulady_a3806042



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<