Қармақшы жастары көмек қолын созуға дайын

554

0

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев Жаңажол, Ақтөбе ауылдық елді мекендердегі шаруашылықтарды аралап жастармен кездесті.

Кездесу мақсаты – Арал ауданында қалыптасқан қуаңшылыққа байланысты шаруашылықтардағы жастармен кездесіп жем-шөп дайындауға көмекті ұйымдастыру болып табылады. Аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Берік Бәйділдаев «Жаңажол» ЖШС-нің директоры Орынбасар Төлеповпен кездесіп қазіргі таңдағы жағдаймен танысты.

Сонымен бірге шаруашылық жастарымен жүздесіп өңірімізде қалыптастып жатқан қуаңшылық жағдайына байланысты жем-шөп дайындауға жастар бригадаларын ұйымдастыру туралы айтылды.Мұнан кейінгі кездесу Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе и К» шаруашылығында өтті. Қазіргі таңдағы ауылдық елді мекендердегі шаруашылықтағы жастар арасынан бригадалар жасақталып, шөп дайындауға үлестерін қосуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өз кезектерінде шаруашылық басшылары мен ауыл жастары Арал ауданына жем-шөп әзірлеу ісіне көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.Алдағы уақытта ауыл округтердегі жастары ісі жөніндегі мамандармен кездесулер өткізіліп, азаматтар мен белсенді жастарды тартуға дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<