Леонардо да Винчи салған аюдың бас суреті рекордтық сома – £8,9 миллионға сатылды

594

0

Christie’s аукционында Леонардо да Винчи салған аю басының нобайы сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Оны £8,9 миллионға (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Бұл – итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты сома.


«Сурет— Леонардо да Винчидің сызбашы ретіндегі шеберлігінің керемет дәлелі», – делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында.


Нобай – бұл қызғылт-ақшыл сары қағазға күміс қарындашпен салынған 7×7 см өлшемді сурет. Ол 1480 жылдардың бірінші жартысында жасалған. Бұл – суретшінің қолтаңбасы бар бірнеше туындыларының бірі.


Сатып алушының есімі жария етілмей отыр. Ал бұдан бұрынғы рекорд Леонардо Да Винчидің «Жылқы мен салт атты» туындысы үшін орнатылған еді, оны £8,1 миллионға сатып алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<