Украинада тікұшақ апатқа ұшырады

433

0

Украинаның Николаев облысында МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Николаев облысының ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Құлаған Ми-2 тікұшағында екі адам болған, екеуі де қайтыс болды»,  делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Николаев облысындағы жедел топ пен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<