Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Оған Германиядан келген Александр Бахманн қарсылас атанды. Сайыс барысында Руслан қарсыласынан 11:7 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық таэквондощы Жансель бүгін өзбекстандық Светлана Осипованы жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды .
Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Еліміздің атынан 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<