Облыстық ішкі саясат басқармасы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобы өкілдерінен құрылған мобильді топ Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов көшесінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпараттарында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабының талаптары бұзылған нысандарға кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне Заңнан үзінділер, көрнекі ақпарат мәтіндерін жазудың және орналастырудың схема-үлгілері, анықтама алу және сұрақтар бойынша басқарманың байланыс телефондары мен әдістемелік көмектер көрсету үшін электронды поштасы және жарнама мәтіндерінің грамматикалық, стилистикалық жағынан дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету мақсатында whatsapp нөмірлері жазылған таратпа материалдар берілді.
Сонымен қатар қажет болған жағдайда қызмет көрсетушілерге мемлекеттік және орыс тілдері бойынша тегін оқыту курстарын (онлайн, оффлайн) ұйымдастырып, жарнама мәтіндерінің дұрыс аударылуына көмек көрсетілетіндігі жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталған барлық кәсіпкерлік нысандарға жүргізілетін болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<